«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 2008 жылғы 23 желтоқсанда құрылған.

Орта, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне арналған «Үздік жас зерттеуші» атты Республикалық конкурсқа шақырамыз!


Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасында Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын өткізеді.
Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.


Конкурсқа жұмыстарды қабылдау мерзімдері – жылына төрт рет:
- 31 наурызға дейін;
- 30 маусымға дейін;
- 31 қыркүйекке дейін;
- 31 желтоқсанға дейін.


Біздің мақсат-міндеттеріміз:
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушы-ұстаздарының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау нәтижелері бойынша біліктілік санаттары берілуіне (расталуына) көмектесу;
- Аттестаттаудан өткізілетін білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын жинақтауына көмектесу;
- Аттестаттаудан өткізілетін білім беру ұйымдары педагогінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;
- Білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу, олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыру;
- Білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарына белсене қатысуына, журналдарда ғылыми жұмыстарын жариялауына бағыт-бағдар беру.
Конкурсқа барлық пәндер мен мамандықтар бойынша жазылған ғылыми жұмыстар қабылданады.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Ғылыми жұмыс білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің өздері жазған, бұған дейін ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;
- Білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері өздерінің ғылыми жұмыстарында өзі оқитын тиісті пәні мен мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге бейім-қабілетін және жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:
- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;
- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;
- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын сыныбы, тобы, курсы, мамандығы, білім беру ұйымының толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, білім беру ұйымының орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы көрсетiлуі;
- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;
- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, плагиатқа қарсы тексеріледі.
Үздік ғылыми жұмыстар «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «ZERTTEUSHI.KZ» ғылыми басылымында жарияланады.
Конкурсқа қатысып, ғылыми жұмыстары жоғары бағаланған және журналда жарияланған оқушылар мен студенттерге және олардың жетекші мұғалімдері мен оқытушыларына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының арнайы Дипломдары мен Сертификаттары беріледі (электрондық түрде).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.
Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.
Жарна мөлшері: 15500 (он бес мың бес жүз) теңге.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық поштаарқылы қабылданады:


E-mail: zertteushi.kz@gmail.com
Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.


Біздің есепшотымыз:
Жеке кәсіпкер Жақып М.Қ.
ЖСН 650515303049
«Kaspi Bank» АҚ
КБе 19
БИК CASPKZKA
Шот нөмірі: KZ87722S000020056906
«Конкурсқа қатысу үшін».

Ғылыми мақалалар мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу керек.

E-mail:
zertteushi.kz@gmail.com

Біздің Интернет-ресурсымыз:
http://zertteushi.kz/
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Ләзиза Мырзантайқызы (+7 707 355 64 48).

Ескерту:
Құрметті «Үздік жас зерттеуші» конкурсына қатысушы білім алушылар және олардың ғылыми жетекші ұстаздары!
Сіздерден:
1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; мұғалімдер мен оқытушылардың ғылыми жетекшілік етуімен мектеп оқушысының немесе колледж студентінің шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған ғылыми жоба жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Ғылыми жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!з!

Made on
Tilda