«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 2008 жылғы 23 желтоқсанда құрылған.

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне арналған «Журналист болғым келеді» атты Республикалық шығармалар конкурсына шақырамыз!


Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері арасында Республикалық «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» шығармалар конкурсын өткізеді.
Конкурс мектептердің оқушылары және колледждер студенттерінің еркін тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған.
Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған шығармашылық жұмыстар қабылданады.


Конкурсқа жұмыстарды қабылдау мерзімдері – жылына төрт рет:
- 31 наурызға дейін;
- 30 маусымға дейін;
- 31 қыркүйекке дейін;
- 31 желтоқсанға дейін.


Шығармалар конкурсының мақсат-міндеттері:
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушы-ұстаздарының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау нәтижелері бойынша біліктілік санаттары берілуіне (расталуына) көмектесу;
- Аттестаттаудан өткізілетін білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын жинақтауына көмектесу;
- Аттестаттаудан өткізілетін білім беру ұйымдары педагогінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;
- Жоғары оқу орындарының «В042 – Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізу және олардың шығармашылық емтихандар тапсыруына кеңес беру;
- Талапты жас өрендердің өз шығармаларын мерзімді баспасөз беттерінде жиі жариялап тұруына көмектесу.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Шығарма мектеп оқушысының немесе колледж студентінің өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;
- Мектеп оқушысы немесе колледж студенті өз шығармасында «Журналистика» саласы бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:
- Көлемі 5 беттен аспайтын шығарма мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;
- Шығарманың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;
- Шығарманың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын сыныбы, тобы, курсы, мамандығы, мектебінің немесе колледжінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, мектептің немесе колледждің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы көрсетiлуі керек.

Конкурсқа ұсынылған барлық шығармалар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, плагиатқа қарсы тексеріледі.
Үздік шығармалар «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «ZERTTEUSHI.KZ» ғылыми басылымында жарияланады.
Конкурсқа қатысып, шығармалары жоғары бағаланған және журналда жарияланған оқушылар мен студенттерге және олардың жетекші мұғалмдері мен оқытушыларына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының арнайы Дипломдары мен Сертификаттары беріледі (электрондық түрде).
Жоғары оқу орындарына «В042 – Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға түскісі келетін мектеп немесе колледж бітірушілеріне олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткеннен кейін шығармашылық емтихандар тапсыру үшін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы жолдама беріледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес шығармалар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.
Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.
Жарна мөлшері: 15500 (он бес мың бес жүз) теңге.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық поштаарқылы қабылданады:

E-mail: zertteushi.kz@gmail.com

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.


Біздің есепшотымыз:
Жеке кәсіпкер Жақып М.Қ.
ЖСН 650515303049
«Kaspi Bank» АҚ
КБе 19
БИК CASPKZKA
Шот нөмірі: KZ87722S000020056906
«Конкурсқа қатысу үшін».

Шығармалар мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу керек.


E-mail:
zertteushi.kz@gmail.com

Біздің Интернет-ресурсымыз:
http://zertteushi.kz/
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Ләзиза Мырзантайқызы (+7 707 355 64 48).

Ескерту:
Құрметті «Журналист болғым келеді» конкурсына қатысушы білім алушылар және олардың жетекші ұстаздары!
Сіздерден:
1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; мұғалімдер мен оқытушылардың жетекшілік етуімен мектеп оқушысының немесе колледж студентінің шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған шығармаларын жолдауларыңызды;

2. Шығарма жұмысының авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге шығарманың тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

Made on
Tilda