Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы 2008 жылғы 23 желтоқсанда құрылған. "Zertteushi" Uluslararası Bilim ve Eğitim Merkezi, 23 Aralık 2008 tarihinde kurulmuştur.

»
БІЗ ТУРАЛЫ

«Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі 2008 жылғы 23 желтоқсанда құрылған.

Ғылым және білім саласында 17 жылдық қызметтік тәжірибесі бар «Зерттеуші» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы – қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын, білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқытуға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ресми тіркеуден өткен, ғалымдарға, магистрлер мен магистранттарға, педагогтерге, студенттер мен оқушыларға арналған бірнеше ғылыми журналдар шығарамыз.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырып жатырмыз.


»
Жаңалықтар

»
Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторларды жазбаша хабардар ету туралы ақпарат
Кредиторларды жазбаша хабардар ету мақсатында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңының 6-3-бабы, 4) тармақшасына сәйкес төмендегі ақпаратты жариялап отырмыз.
Құрылтайшының шешімі бойынша «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі (БСН 081240014093) «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесіне (БСН 171240000766) қосылғанын хабарлаймыз.

Екі заңды тұлғаның қосылуы нәтижесінде қайта ұйымдастырылған коммерциялық емес ұйымның:
- мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі;
- орыс тіліндегі толық атауы: Учреждение «Международный научно-образовательный центр «Zertteushі»;
- ағылшын тіліндегі толық атауы: Institution “International Scientific and Educational Center “Zertteushi”.


Байланыс үшін: zertteushi.kz@gmail.com, +7701 397 17 13

»

Zertteushi ғылыми басылымы

«Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің құрылтайшылығымен шығарылатын Turktime.kz ғылыми желілік басылымының негізі 2006 жылдың мамыр айында қаланған (бұрынғы атауы Зерттеуші журналы).
2006-2018 жылдары «Зерттеуші», «Ғылыми зерттеулер әлемі», «Ғылым және білім ғасыры», «Зерттеулер әлемі», «Жас ғалымдар жаршысы», «Жас зерттеуші», «Елорда ғылыми хабаршысы» және «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журналдары жарық көріп тұрды.
2010-2012 жылдары «Зерттеуші» және «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журналдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілді.
«Зерттеуші» ғылыми желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде есепке қойылып, мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 15.06.2018 ж. №17170-СИ куәлігі берілген.
Меншік иесі «Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген. Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440, сертификат №278, 28.03.2013 ж.

Ғылыми басылымының негізгі тақырыптық бағыты: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, магистранттарына, студенттеріне және оқушыларына арналған ғылыми басылым.
Шығарылым
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

»
Made on
Tilda